Қоғам

«Алтын-Емел» құландары «Іле-Балқаш» резерватына көшірілді

Сурет: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына бірнеше құлан көшірілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, жануарлар жаңа мекеніне жеткізіліп, табиғи ортаға жіберілді. Енді мамандар олардың жаңа аумаққа бейімделуін, қозғалысын және жалпы жағдайын тұрақты бақылауда ұстайды.

«Алдағы уақытта мамандар олардың жаңа мекенге бейімделуін, қозғалысы мен жалпы жағдайын бақылауды жалғастырады. Бұл жұмыс құланның табиғи популяциясын қалпына келтіруге, таралу аумағын кеңейтуге және Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтауға бағытталған», делінген министрлік хабарламасында.

Еске сала кетейік, 2024 жылы елімізге керқұландарды қайтару бағдарламасы басталды. Алғашқы жылы Еуропадан жеті жылқы жеткізілсе, 2025 жылы тағы жеті, ал 2026 жылы сегіз кертағы әкелінді.

Көп оқылғандар