Тоқаев: Экологиялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздік мәселесі

Астанада «Таза Қазақстан» акциясы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық қауіпсіздікті ұлттық қауіпсіздікпен теңестірді. Екі жыл бұрын басталған бастама бүгінде жалпыұлттық сипат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Экологиялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің маңызды құрамдас бөлігі. Біз табиғатты қорғауды бірінші кезекке қоюымыз керек», – деді Мемлекет басшысы.

Президент акцияға қатысушыларға алғыс айтып, тазалықты сақтау әр азаматтың парызы екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

«Таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық өңірінде, соның ішінде Батыс Қазақстан облысында да белсенді өтуде. Оралда тұрғындар мен жастар бірлесіп, өзен жағалауларын және саябақтарды тазартуға кірісті.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев қаңғыбас иттердің шабуылына қатысты: «Балалар мен ересектер жиі құрбан болып жатыр»

Президент Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясында қаңғыбас иттердің шабуылынан зардап шеккендер саны өскенін айтып, жедел шара…

Аида Балаева: Креативті экономика тек шабытпен ғана өспейді, жүйелі қолдау керек

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева креативті экономиканы дамыту үшін тек идея мен шабыт жеткіліксіз…

Тоқаев: «Таза Қазақстан» – жаңа идеологияның өзегі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын елдің жаңа идеологиясының негізі деп атады.