Categories Жайық news

ШАҺАРДА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ШАҺАРДА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

 

Оралда санитарлық-экологиялық айлық аясында ағаш көшеттері отырғызылды. Тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш маңында өткен шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, ардагерлер және жастар қатысты.

Тынымбақта 15 шырша көшеті егіліп, жасыл желекті әрі қарай күтіп-баптау жұмыстары қалалық коммуналдық мекемелерге жүктелді.

Аймақ басшысы өз сөзінде қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатты аялаудың мемлекеттік маңызына тоқталды. Ол Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасының негізгі қағидаттары еліміздің жаңа Конституциясында бекітілгенін атап өтті.

— Табиғатты қорғау – құр сөз емес, ол баршамыздың ортақ конституциялық борышымыз. Халықтың өмір сапасын жақсарту мен айналаны көркейту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады, -деді Нариман Төреғалиев.

Мемлекет басшысының орман қоры аумағында 2 миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасы өңірде жүйелі жүзеге асырылуда. 2027 жылға дейінгі өңірлік жоспарға сәйкес, былтыр 2222 гектар аумаққа 8,3 млн дана ағаш екпесі отырғызылды. Биылғы меже бұдан да жоғары – 8,8 млн дана ағаш-бұта тұқымдастарының екпелерін егу көзделген.

Елді мекендерді көгалдандыру және жасыл аймақтар құру жұмыстары да қарқынды. 2025 жылы өңір бойынша 242,2 мың дана ағаш отырғызылса, биыл Орал қаласы мен облыс аудандарында 47,2 мың түп ағаш егу жоспарланып отыр. Бұл шаралар аймақтың экологиялық ахуалын жақсартып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Мұнай бағасы 18 жылдағы рекордты жаңартты: сарапшылар не дейді?

Әлемдік нарықта мұнай бағасы 2008 жылғы дағдарыстан бергі ең жоғары деңгейге жетті. Сарапшылар бағаның 2026…

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді: Дүмпу Ауғанстаннан жеткен

Қазақстанның оңтүстігіндегі бірнеше облыста жер дүмпуі сезілді. Эпицентрі Ауғанстанда орналасқан жер сілкінісінің күші 2 балл…

Астана мектептерінде оқушыларға апта сайын бешбармақ беріледі

Астана мектептерінің ас мәзіріне ұлттық тағам – бешбармақ қосылды. Енді елордалық оқушылар аптасына бір рет…