Categories Жайық news

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады

Сурет: istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы жеке сот орындаушыларының қызметін тексеру кезінде заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде жеке сот орындаушысы түскен ақшалай қаражатты дұрыс басқармаған. Ол өндіріп алушыларға тиесілі 532 мың теңгені аудармай, 9,8 млн теңгені негізсіз үшінші тұлғаның шотына аударған.

Осы фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 251-бабымен («Жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін теріс пайдалану») сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу барысы прокуратураның бақылауында, нәтижесінде заңда көзделген шаралар қабылданады.

Ұқсас жазбалар

Астанада едені тесік автобус жүргізушісі жолаушылар тасымалдаған

Астана тұрғыны жолаушылар автобусының еденіндегі тесікті байқап, бейнежазбаны Threads әлеуметтік желісінде жариялады.

БҚО-да «Ұлы өнердің ұлы арнасы» атты республикалық байқау өтті.

Қасиетті домбыраның үнімен дүйім жұртты тәнті еткен республикалық домбырашылар байқауының күй астанасы ауданымызда өткені мерейімізді…

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…