Сурет: Egemen Qazaqstan
Қысқы Паралимпиада ойындарының жүлдегерлері мен олардың бапкерлеріне жалпы сомасы 388 миллион теңгеден асатын ақшалай сыйақы төленді. Бұл қаражат спортшылардың алғашқы, жеке және бас бапкерлеріне де берілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ербол Хамитов парабиатлон, парашаңғы жарысы және парашаңғы эстафетасы бойынша екі медалі мен эстафетадағы нәтижелері үшін 350 мың АҚШ доллары алды. Александр Герлиц парашаңғы жарысы мен эстафетасы үшін 40 мың доллар, ал Владислав Кобаль парашаңғы эстафетасы үшін 10 мың доллар көлемінде сыйақыға ие болды.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Паралимпиада чемпионына жергілікті атқарушы орган тарапынан қосымша қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, әкімдік спортшыға жергілікті коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер береді.

