Сурет: istockphoto.com
2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 78 580 бірлік автокөлік техникасы өндірілген. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Өндірілген техниканың қатарында жеңіл және жүк көліктері, автобустар, арнайы техника, тіркемелер мен жартылай тіркемелер бар. Мамыр айында ғана кәсіпорындар 15 178 бірлік техника шығарған.
Қаңтар-мамыр аралығында автокөлік, тіркеме және жартылай тіркеме өндірісінің ақшалай көлемі 932,9 млрд теңгені құраған. Автомобиль жасау саласының үлесі 41,6 пайызға жеткен.
«Қазақстан Автокөлік Одағының» дерегінше, өндіріс көлемі бойынша Қостанайдағы Allur зауыты көш бастап тұр. Кәсіпорын бес айда 27 911 техника шығарған. Екінші орында – Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) зауыты, мұнда 21 478 автокөлік өндірілген. Hyundai Trans Kazakhstan 16 161, ал Kia Qazaqstan 8 059 көлік құрастырған.
Брендтер арасында Hyundai – 16 131 көлікпен бірінші орында тұр. Одан кейін Chevrolet (14 996) және Kia (9 209) орналасқан. Сондай-ақ Changan, Chery, Haval, Jetour, JAC, Geely Galaxy және Tank маркаларының өндірісі де жоғары көрсеткіш көрсеткен.
Өткен жылы елде 311,1 млрд теңгеге 22 580 техника шығарылған.

