Қазақстан әскері әлемдік рейтингте 58-орынға тұрақтады

Қазақстан армиясы әлемдегі ең қуатты әскерлер тізімінде 58-орынға ие болды. Бұл – Global Firepower 2026 рейтингінің нәтижесі, онда 145 мемлекеттің әскери күші салыстырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшылар Қазақстанды әскер саны, әскери техника, авиация және қаржыландыру сияқты бірнеше көрсеткіш бойынша бағалаған. Айта кетейік, бұл рейтингте әскердің нақты жауынгерлік дайындығы емес, сандық және материалдық ресурстары ескеріледі.

Қазақстан әскерінің әлемдік аренадағы орны жыл сайын өзгеріп отырады. Биылғы нәтиже елдің қорғаныс қабілетінің тұрақты екенін көрсетеді.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.

29 маусымда 6 облыста қатты ыстық күтіледі

«Қазгидромет» 29 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. 6 облыста қатты ыстық күтіледі.

POLICE RUN жүгіру жарысына екі мыңнан астам адам қатысты

Астанадағы Триатлон саябағында Қазақстан полициясы күніне орай POLICE RUN жүгіру жарысы өтті. Шара «Заң мен…