Сурет: Egemen Qazaqstan
Футболдан әлем чемпионатының I тобындағы үшінші турда Норвегия мен Франция құрамасы кездесті. АҚШ-тың Фоксборо қаласындағы Gillette стадионында өткен матчта француздар 4:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ойынның 7-минутында Усман Дембеле есеп ашып, Францияны алға шығарды. 20-минутта ол дубль жасаса, бір минуттан кейін Тело Осгор Норвегия сапынан бір гол қайтарды. 32-минутта Дембеле үшінші голын соғып, хет-трик жасады.
Екінші таймда, 50-минутта Йёрген Странн Ларсен пенальтиді мүлт жіберді. Қосымша уақытта Дезире Дуэ Францияның төртінші голын соғып, матчтың қорытынды есебін белгіледі — 4:1.
Топтық кезең қорытындысы бойынша Франция 9 ұпаймен I топта бірінші орын алды. Норвегия 6 ұпаймен екінші сатыға жайғасты.
1/16 финалда Франция Шотландия, Парагвай, Швеция, Бельгия немесе Кабо-Верде құрамаларының бірімен кездеседі. Ал Норвегияның қарсыласы — Кот-д’Ивуар болады.
Әлем чемпионатының топтық кезеңі 11–27 маусым аралығында өтті. Әр топтан алғашқы екі орын алған құрамалар және үшінші орын иеленген сегіз үздік команда плей-офф кезеңіне жолдама алды.

