Categories Жайық news

Дамбы ауылында жаңа мәдениет үйі ашылды

Атырау қаласына қарасты Дамбы ауылдық округінде қала күні қарсаңында 200 орындық жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Салтанатты шараға қала әкімі Шәкір Кейкин қатысып, нысанның кілтін табыс етті.

Жаңа мәдениет ошағының аумағы толықтай абаттандырылып, ғимарат ішінде акт залы, кітапхана және түрлі үйірмелерге арналған жеке кабинеттер қарастырылған.

Тұрғындарды жаңа мәдениет нысанының ашылуымен құттықтаймын. Ескі ғимарат Кеңес дәуірінде салынғандықтан қазіргі талапқа сай емес еді. Жаңа нысанда ауылдың өнерпаздары мен жас таланттары халықтың рухани баюына үлес қосады деп сенемін. Қалаға салынып жатқан әлеуметтік нысандар ауылдарда да бой көтеруі керек. Сол арқылы өркениет пен мәдениетті қалыптастырамыз, – деді Шәкір Кейкин.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, қала күні аясында Алмалы ауылында да осындай мәдениет үйі пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, Атырауда 200 орындық, Тасқала ауылында 300 орындық мәдени ғимараттың құрылысы жүріп жатыр.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді, ал шетелге шыққан…

АЙМАҚ БАСШЫСЫ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Аймақ басшысы өздеріне жүктелген…

ОБЛЫС ӘКІМІ НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ЖӘНЕ БІРҚАТАР МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕЛШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкич бастап келген мәртебелі меймандармен кездесті.…