Categories Спорт

Kazakhstan Open: Батырхан Төлеуғали, Самирхон Абабакиров пен Бейбарыс Қабылан чемпион атанды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада өтіп жатқан таеквондодан Kazakhstan Open рейтингтік турнирінде ересектер арасында Қазақстан командасы үш алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бірінші орындарды Самирхон Абабакиров (-68 кг), Батырхан Төлеуғали (-87 кг) және Бейбарыс Қабылан (+87 кг) иеленді. Финалда Самирхон тунистік Фарес Боужемайды басымдықпен ұтса, Батырхан Париж Олимпиадасының чемпионы, Африка ойындарының екі дүркін жеңімпазы Фирас Катуссиді (Тунис) жеңді. Ал аса ауыр салмақта Бейбарыс өзбекстандық Марат Мавлоновтан басым түсті.

Қазақстан командасы бүгін үш алтын, үш күміс және жеті қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады. Жалпы есепте Түркия бірінші (6 алтын, 1 күміс, 10 қола), Қазақстан екінші (3 алтын, 3 күміс, 7 қола), Өзбекстан үшінші (2 алтын, 4 күміс, 1 қола) болды.

Ертең жарыс жастар арасында жалғасады. Kazakhstan Open G-1 санатындағы жарыста Лос-Анджелес Олимпиадасына рейтингтік ұпай беріледі. Турнир күзде Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындарына дайындықтың бір кезеңі саналады.

Ұқсас жазбалар

Әлем чемпионатының үшінші туры: топтық кезеңнің шешуші ойындары басталды

Бүгін футболдан әлем чемпионатының үшінші тур ойындары басталды. Плей-офф жолдамасы сарапқа салынатын шешуші кезеңде A,…

Винисиус әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі барлық матчта үздік ойыншы атанды

Винисиус Жуниор әлем чемпионатында Шотландия мен Бразилия арасындағы кездесудің үздік ойыншысы атанды. Ол топтық кезеңнің…

Марокко Гаитиді жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды

Марокко құрамасы Гаитиді 4:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды.