Categories Саясат

«Жас сақшы» полиция сыныптарының алғашқы түлектері сертификат алды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Ішкі істер министрлігі «Жас сақшы» полиция сыныптарын дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Бұл сыныптар өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және заңға құрмет сезімін нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта еліміз бойынша 267 «Жас сақшы» сыныбы жұмыс істейді. Онда бес мыңнан астам оқушы білім алады. Жоба қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне назар аударып, құқық қорғау саласына қызығушылық танытатын белсенді жастарды біріктіреді.

Полиция сыныптарындағы оқу үдерісі оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін, тәртібін, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтарға деген құрметін дамытуға ықпал етеді. Құқық бұзушылықтардың алдын алуға, заңға бағынатын мінез-құлықты тәрбиелеуге және жастар арасында полицей мамандығын насихаттауға ерекше көңіл бөлінеді.

2025-2026 оқу жылында жалпы саны 52 оқушыдан тұратын үш «Жас сақшы» сыныбының түлектері мектеп бітірді. Олар Ішкі істер министрлігінің ведомстволық жоғары оқу орындарында білім алуды жоспарлап отыр. Бұл жоба ішкі істер органдары үшін кадрлық резерв қалыптастыруда жоғары тиімділік көрсетуде.

Өңірлерде полиция сыныптарының алғашқы түлектерінің мектеппен қоштасу рәсімдері өтті. Алматы қаласында полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов «Жас сақшы» сыныптарының түлектеріне сертификаттарды салтанатты түрде табыстап, олардың патриотизм мен құқықтық мәдениетті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

Ақтөбе облысында полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев те бейіндік сынып түлектеріне сертификаттар табыстап, жастарды азаматтық жауапкершілік және қоғамға қызмет ету рухында тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан мен Черногория арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Премьер-министр Олжас Бектенов Черногория Президенті Яков Милатовичпен кездесіп, екі ел президенттерінің келіссөздері нәтижесінде қол жеткізілген…

Мәжілісте Черногория Президентімен кездесу өтті

Мәжілісте Палата спикері Ерлан Қошанов Қазақстанға ресми сапармен келген Черногория Президенті Яков Милатовичті қабылдады. Бұл…

«Әділет» партиясында ЕҚЫҰ ДИАҚБ өкілдерімен кездесу өтті

«Әділет» партиясы Саяси кеңес Бюросының мүшелері мүшелері Рауан Кенжеханұлы мен Гүлзира Атабаева Еуропадағы қауіпсіздік және…