Categories Қаржы

«Байсат» базары Алматы әкімдігінің меншігіне өтуі мүмкін

Сурет: yandex.kz

Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген «Байсат» базары бірнеше мәрте аукционға қойылғанымен, сатып алушы табылмаған. Осыған байланысты қала әкімдігінің коммуналдық меншігіне өту мүмкіндігі қарастырылуда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбековтің айтуынша, егер нысандағы мемлекеттік үлесті сату мүмкін болмаса, оны жергілікті атқарушы органның теңгеріміне өткізу мәселесі пысықталады. Нысан бұған дейін 5 рет аукционға қойылып, 26-28 млрд теңгеге бағаланған.

«Байсат» базары мемлекет меншігі – KUVA иелігіне шамамен 2 жыл бұрын өткен. Қайрат Сатыбалды оны 2024 жылғы қаңтарда қылмыстық тергеу барысында мемлекетке «ерікті түрде» қайтарған.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан инновациялық экономиканы дамытудың жаңа моделін ұсынды

Қазақстан ғылым, бизнес және өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған жаңа инновациялық стратегияны таныстырды.

Перизат Қайраттың тәркіленген көліктері мемлекеттік органдарға қалай беріледі?

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков тәркіленген мүліктің мемлекет кірісіне өткізілу тәртібін түсіндірді.

Қашағанда қуаттылығы 2,5 млрд текше метр газ өңдеу зауыты салынады

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің төрағалығымен Қашаған кен орнында қуаттылығы жылына 2,5 млрд текше метр газ…