Сурет: Egemen Qazaqstan
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында туристік объектілердің халық үшін көліктік қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ол танымал туристік бағыттар бойынша әуе рейстері мен теміржол орындарының санын көбейтуді тапсырды. Көлік министрлігіне әуе компаниялары және «Қазақстан темір жолымен» бірлесіп, демалушылар үшін қолайлы бағамен танымал курорттық бағыттарға рейстерді және орындар санын арттыру шараларын қабылдау тапсырылды.
Қазақстанда туризм саласының табысы 5 трлн теңгеге жетті. Қазіргі уақытта бұл салада 600 мыңнан астам адам еңбек етеді.

