Әр сыныпта жасанды интеллект: Тоқаев білімді цифрландыруға жол ашты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізуді басты бағыт етіп бекітті. Бұл туралы Жарлыққа қол қойылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа құжат бойынша, енді мектептерде AI технологиялары оқу процесіне кеңінен енгізіледі. Бұл оқушылардың цифрлық дағдыларын дамытып, білім сапасын арттыруға бағытталған.

Мемлекет басшысы білім беруді цифрландырудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, жасанды интеллект әр сыныпта қолжетімді болуы керек.

«Біздің мақсатымыз – заманауи технологияларды мектеп қабырғасына енгізу арқылы бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу», – деді Президент.

Жарлықта нақты іс-шаралар жоспары мен мерзімдері көрсетілген. Оқулықтар мен бағдарламалар AI негізінде жаңартылмақ.

Ұқсас жазбалар

Найзағайдан үш орман өртенді

Бүгін, 27 маусымда Қазақстандағы мемлекеттік орман қоры аумағында үш орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.

Астанада екі көшеде көлік қозғалысына 1 шілдеге дейін шектеу қойылды

Астанада екі көшенің жалғасқан учаскелерінде 1 шілдеге дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілттері табысталды

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне 15 пәтер кілті табысталды. Шараға Президент кеңесшісі Айбек Смадияров қатысты.