Categories Спорт

Дмитрий Патанин Азия чемпионатында сегізінші орын алды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қытайдың Цзуньи қаласында спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Еркін жаттығулар бойынша финалда қазақстандық гимнаст Дмитрий Патанин 13,700 ұпай жинап, сегізінші орынға ие болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Чемпион атанған филиппиндік Карлос Эдриэль Юло 14,700 ұпай жинаса, күміс жапониялық Шома Цукиямаға бұйырды. Қола жүлдені Карлос Юлоның інісі Карл Элдрю Юло алды.

Кермедегі жаттығулар финалында Қазақстан намысын Диас Тойшыбек қорғайды. Бұған дейін қазақстандық құрама командалық көпсайыста төртінші орын алған еді.

Азия чемпионаты 18-21 маусым аралығында Қытайда өтуде. Жарыста сегіз медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан құрамасының көшбасшылары – Олимпиада күміс жүлдегері Нариман Құрбанов пен әлем чемпионатының қола жүлдегері Милад Карими бұл чемпионатқа қатыспай отыр.

Ұқсас жазбалар

Канада құрамасы ОАР қақпасына соңғы минутта гол соғып, 1/8 финалға шықты

Канада құрамасы ОАР қақпасына соңғы минутта гол соғып, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.

Александр Шевченко Уимблдондағы алғашқы кездесуі туралы пікір білдірді

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Уимблдон турнирінің алғашқы айналымында әлемнің төртінші ракеткасы Феликс Оже-Альяссиммен кездеседі. Ол…

Футболдан ӘЧ-2026: Канада 1/8 финалға шыққан алғашқы команда атанды

Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында 1/8 финалға жолдама алған алғашқы құрама белгілі болды.