Categories Жайық news

БҚО: Спорт пен мәдениет дамуда – жаңа нысандар ашылды

Сурет: БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысында соңғы үш жылда 12 спорт нысаны мен 11 мәдениет үйі пайдалануға берілді. Орал қаласында 1200 орындық заманауи спорт кешені ашылып, Теректі ауданында денешынықтыру-сауықтыру кешені қолданысқа берілді. Аудан орталықтары спорт кешендерімен қамтылып, инфрақұрылымға қолжетімділік 76%-ға жетті.

Мәдениет саласында да өзгеріс бар: жаңа мәдениет үйлері мен кешендер ашылып, ауылдық жерлердегі кітапханалар жаңғыртылды, Оралда «креативті хаб» іске қосылды. Жобалар өңірдің әлеуметтік, спорттық және мәдени әлеуетін арттыруға бағытталған.

Ұқсас жазбалар

Есірткі тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген әйел Қазақстанға қайтарылды

Ірі көлемде есірткі контрабандасы мен оны өткізгені үшін сотталған әйел Қырғызстаннан Қазақстанға экстрадицияланды.

Астанада кәсіпкерден 80 млн теңге бопсалаған адвокат ұсталды

Астанада құрылыс компаниясының басшысынан 80 млн теңге бопсалаған адвокат пен оның серігі ұсталды.

Ақсу маңындағы понтон көпір қайта суға батты

Ақсу қаласының маңындағы Көктас ауылында понтон көпір қайта суға батып, төрт ауыл тұрғыны көпірсіз қалды.…