Қытайдағы фейерверк зауытында апат: 21 адам қаза тапты

Қытайдың Хунань провинциясындағы фейерверк зауытында болған жарылыстан 21 адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қытай билігінің мәліметінше, жарылыс жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 7-лер шамасында болған. Зардап шеккендердің арасында зауыт жұмысшылары да бар. Оқиға орнына жедел жәрдем және құтқару қызметтері жіберілді.

«Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жалғасуда. Жарылыстың себебі анықталып жатыр», — деді жергілікті әкімшілік өкілі.

Қытайда фейерверк зауыттарындағы жарылыстар жиі тіркеледі. Өткен жылы да осындай бір оқиғада 10-нан астам адам қаза тапқан болатын.

Ұқсас жазбалар

Пойыз дәретханасындағы оқыс оқиға: жолаушы 3 млн теңге өндіріп алды

Астанада пойыз жолаушысы дәретханадағы келеңсіз жағдайдан кейін тасымалдаушы компаниядан 3 миллион теңге өндіріп алды.

Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен ISEF-2026 байқауында жасанды интеллектпен қатерлі ісікті анықтайтын жүйе жасап, халықаралық мойындауға ие болды

Қазақстандық оқушылар АҚШ-тағы ISEF-2026 байқауында жасанды интеллектпен қатерлі ісікті анықтайтын жүйе жасап, халықаралық мойындауға ие…

Астанада 12-қабаттағы баланы құтқарған ер адамның ерлігі желіде талқылануда

Астанада 12-қабаттағы терезеден құлай жаздаған баланы бейтаныс ер адам құтқарып қалды. Оқиға желіде қызу талқыланып,…