Оралдан Астана, Алматы және Ақтауға ұшатын рейстер саны артады

2025 жылғы 25 қазанға дейін созылатын жазғы навигация кезеңінде «Орал» халықаралық әуежайының жолаушыларына 6 ішкі және 4 халықаралық бағыт қолжетімді болады. 3 маусымнан бастап Шымкентке ұшулар қайта басталады, олар аптасына екі рет сейсенбі және сенбі күндері жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Түркістанға рейстер жалғасады. Бұл туралы ZhaiyqMedia агенттігі хабарлайды.

Рейстерді аптасына екі рет, сәрсенбі және сенбі күндері Scat әуекомпаниясы жүзеге асырады. Ең танымал жазғы бағыттардың бірі Ақтау қаласына да рейстер саны артады. Қазіргі уақытта Орал қаласынан Каспий теңізінің жағалауына аптасына үш рет ұшуға болса, жазда рейстер саны беске дейін артады.

20 мамырдан бастап Астана мен Алматыға рейстер саны біртіндеп артатын болады. Қазір бұл қалаларға ұшу күн сайын жүзеге асырылуда. Жаз бойы тағы 7 қосымша рейс енгізіледі.
Осы көктем-жаз маусымында біздің әужайда төрт халықаралық бағыт қолжетімді болады. Бұл Майндағы Франкфуртқа тұрақты рейсіміз, Шарм-эль-Шейх пен Анталияға ұшатын чартерлік рейстер. Scat әуекомпаниясының Boeing-737 сізді мысырлық Шарм-эль-Шейхке жеткізсе, FlyArystan әуекомпаниясының Airbus A320 пен Scat әуекомпаниясының ұшақтары сізді түрік жағалауына алып барады.
2025 жылдың жазғы маусымындағы жаңа бағыт — ресейлік Iraero әуекомпаниясы орындайтын әйгілі Сочи курортына ұшатын рейс. Бірінші рейс 5 маусымға жоспарланған.
Осы маусымда өткенмен салыстырғанда ұшу қарқындылығы артады деп жоспарлануда.

Ұқсас жазбалар

Синоптиктер 4-6 шілдеге ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 4-6 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағында белсенді циклон мен атмосфералық…

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады.

Елордада жыл басынан бері 3 мыңнан астам адам жоғалып кеткен

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, жыл басынан бері Астанада әртүрлі жастағы азаматтардың із-түзсіз жоғалуына байланысты 3…