Израиль мен Ливаннан қазақтарды эвакуациялауға 4 млн доллар кетті

Қазақстан Таяу Шығыстағы отандастарын эвакуациялауға шамамен 4 миллион доллар жұмсады. Бұл қаржыға Израиль мен Ливаннан 500-ге жуық азамат елге қайтарылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Үкіметтегі брифингте Төтенше жағдайлар министрі Нұрлан Сауранбаев эвакуация шығынын нақты атады. Оның айтуынша, бұл сомаға ұшақ жалдау, жанармай және басқа да шығындар кіреді.

«Эвакуациялауға кеткен шығын – шамамен 4 миллион доллар. Біз бұл жұмысты уақытылы және тиімді жүргіздік», – деді министр.

Қазіргі уақытта Таяу Шығыстағы қазақстандықтардың қауіпсіздігі бақылауда. Егер жағдай ушығатын болса, қосымша эвакуация шаралары қарастырылады.

Ұқсас жазбалар

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы ашылды

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы жолаушылар үшін есігін ашты.

Мемлекет басшысы Швеция Королін Ұлттық күнмен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады. Президент жолдауында Швецияның тұрақты даму,…

Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орта білім жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Оқу-ағарту…