«Балалар мен ересектер жиі зардап шегуде»: Тоқаев қаңғыбас иттер мәселесін көтерді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық акциясында қаңғыбас иттердің тұрғындарға төндіретін қаупіне тоқталды. Ол бұл мәселе әлі күнге дейін өткір күйінде қалып отырғанын айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы қаңғыбас иттерден балалар мен ересектердің жиі зардап шегетінін еске салды. Оның айтуынша, бұл – жануарларға деген жауапкершіліксіз қараудың салдары.

«Қаңғыбас иттердің шабуылынан зардап шеккендердің саны азаймай тұр. Бұл – біздің ортақ ұятымыз», – деді Президент.

Тоқаев жергілікті әкімдіктерге мәселені кешенді түрде шешуді тапсырды. Ол иттерді ату немесе улау сияқты қатыгез әдістерге жол берілмейтінін, тек гуманистік тәсілдер қолданылуы керектігін атап өтті.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында қаңғыбас жануарлардың санын азайту үшін арнайы бағдарламалар әзірлеу жоспарланып отыр. Бұл бағытта ветеринариялық қызметтер мен еріктілердің көмегі маңызды рөл атқарады.

Ұқсас жазбалар

Президент педагог мәртебесі туралы заңдарға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мәртебесіне қатысты екі заңға қол қойды.

Филиппиндегі жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 55 адамға жетті

Филиппиннің Минданао аралы жағалауында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 55 адамға жетті. Тағы…

Қазақстан ТМД елдері арасында ең тартымды мемлекет атанды

Қазақстан Immigration Index 2026 халықаралық рейтингінде ТМД елдері арасында көш бастады, 36,0 балл жинап, 53-орынға…