Categories Жайық news

ІІМ: Қазақстанда жасөспірімдер қылмысы күрт азайды

Қазақстанда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс деңгейі төмендеді. 2026 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша жасөспірімдер жасайтын қылмыс саны 24,3%-ға азайған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда ішкі істер органдарында 2,9 мыңнан астам жасөспірім есепте тұр. Сонымен қатар бала тәрбиесіне салғырт қарайтын 6 мыңнан астам ата-ана да полицияның бақылауына алынған.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында еліміздегі әр мектепке учаскелік инспекторлар, ювеналдық және криминалдық полиция қызметкерлері бекітілген. Олардың жалпы саны – 8 мыңға жуық.

Жыл басынан бергі екі айда кәмелетке толмаған балаларының түнгі уақытта үйден тыс жерде жүруіне жол бергені үшін 22 мыңнан астам заңды өкіл жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына рұқсат еткен 685 кәсіпкер де жазаланды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада көпқабатты үйден 28 өрт сөндіру түтігін ұрлаған ер адам ұсталды

Астанада көпқабатты үйден 28 өрт сөндіру түтігін ұрлаған ер адам ұсталды. Күдікті кінәсін мойындады.

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала болды

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала атанды. Шэньянда өткен халықаралық конференцияда келісімге қол қойылды.

БҚО Қытай инвесторларына жаңа мүмкіндіктер ұсынды 

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Қытайға іссапары аясында Ляонин провинциясының әкімшілік орталығы – Шэньян…