Categories Көңіл ашар

Алматы хайуанаттар бағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндер әкелінді

Сурет: Алматы хайуанаттар бағы

Алматы хайуанаттар бағы сирек кездесетін жануарлармен толықты. Халықаралық жануарлар алмасу бағдарламасы аясында Қазақстанға АҚШ-тан канадалық сілеусіндердің жұбы жеткізілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мысық тұқымдасына жататын жыртқыштар Алматыға 6 сәуірде әкелініп, міндетті ветеринарлық бақылаудан өткізілген. Қазіргі таңда олар жаңа ортаға толық бейімделіп, келушілер үшін көрмеге шығарылған.

Сілеусіндердің еркегі – 3 жаста, ұрғашысы – 7 жаста. Олар зообақтағы «леопард шеңбері» деп аталатын ұсақ жыртқыштарға арналған вольер кешеніне орналастырылған.

Канадалық сілеусіндер өз тұқымдастарының арасында үлкендігімен ерекшеленеді. Солтүстік Американың суық климатына бейімделген жыртқышты құлағындағы шашақтары мен қалың жүні арқылы тануға болады.

Мамандардың айтуынша, жануарлар жұбының жаңа ортаға бейімделуі сәтті өтсе, олардан ұрпақ алу мүмкіндігі де қарастырылып отыр. Бұл биологиялық түрді сақтауға үлкен мүмкіндік болмақ.

Ұқсас жазбалар

Пластикалық хирургия: қайғылы оқиғалардан кейін қандай өзгеріс болады

Соңғы бес жылда Қазақстанда пластикалық ота мен косметологиялық процедуралар кезінде төрт адам қайтыс болды. Бұл…

Қазақстанда алғашқы Монтессори ғылыми-зерттеу зертханасы ашылады

Абай университеті мен Перуджадағы Халықаралық Мария Монтессори орталығы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Тараптар Қазақстанда…

26 маусымда үйленуге ниет білдірушілер саны 4 мыңнан асты

Әлеуметтік желілерде бүгінгі үйлену тойларының қарқынын көрсететін бейнежазбалар жарияланып жатыр.