Сурет: aqorda_resmi
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулге мемлекеттік сапары барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының 8-ші Бас хатшысы, Жаһандық жасыл даму институтының (GGGI) төрағасы Пан Ги Мунмен жүздесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы дамушы елдердің «жасыл экономика» моделіне көшуіне қолдау көрсететін GGGI қызметінің маңыздылығын атап өтті. Ол әлеуметтік тұрақтылықты, климат өзгерістеріне төзімділікті және экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Пан Ги Мун Қазақстанның орнықты даму саласындағы жетістіктерін жоғары бағалап, дүниежүзілік климат күн тәртібі аясында ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пан Ги Мун Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау және оны қазіргі заман талабына бейімдеу туралы пікір алмасты.
