Categories Ақорда

Кения президенті Астанаға келді: екіжақты ынтымақтастық талқыланады

Кения Республикасының Президенті Уильям Самоэй Руто мемлекеттік сапармен Астанаға келді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сапар барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланбақ. Кения президенті Қазақстан Президентімен кездесіп, бірқатар келісімге қол қою жоспарлануда.

Біздің елдеріміз арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеруге зор мүмкіндік бар, — деді Уильям Руто.

Бұл – Кения басшысының Қазақстанға алғашқы ресми сапары. Тараптар ауыл шаруашылығы, цифрландыру және білім салаларындағы ынтымақтастықты дамытуды көздеп отыр.

Ұқсас жазбалар

Президент Алатау қаласын дамытуды маңызды міндет деп санайды

Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамытуды тағы бір маңызды міндет ретінде атады. Алатау әлемдік деңгейдегі арнаулы…

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

✔️Президент жасанды интеллект жаһандық дамудың қозғаушы күшіне айналады деп санайды. – Мемлекеттің инвестициялық саясатында жасанды…

Астанада Конституция аллеясы салтанатты түрде ашылды

Астанада Конституция аллеясы пайдалануға берілді. Жаңа нысан Мәңгілік Ел даңғылы бойында, Президенттің Мемлекеттік архиві мен…