Categories Әлем

СІМ Таиландта жоғалған қазақстандық рэпер туралы мәлімдеме жасады

Сурет: genius.com

Қазақстандық рэпер Дархан Жұмабек, «Кисло-Сладкий» лақап атымен танымал, Таиландта іздестірілуде, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Музыканттың жоғалғаны туралы алғаш рет қазақстандық режиссер Парасат Ибраев хабарлады. Оның айтуынша, өнерпаз Таиландқа барғаннан кейін байланысқа шықпаған. Режиссердің мәліметінше, рэпер таңертең Пхукеттен Бангкокқа ұшуы керек еді, бірақ онымен байланысу мүмкін болмады.

— Барлық телефоны өшірулі. Кеше соңғы рет сөйлескен кезде қасында бір жігіт болған. Оның айтуынша, Дархан Малайзияға кетіп қалуы мүмкін, — деді Ибраев.

Режиссер көші-қон полициясына жүгініп, музыканттың сыртқы түрі сипатталған іздеу парағын жасағанын айтты. Сондай-ақ ол рэпер жоғалып кетер алдында жіберген бейнежазбаны жариялады. Әлеуметтік желі қолданушылары да Дархан Жұмабектің жоғалғаны туралы жазып жатыр. Тараған ақпаратқа сәйкес, оны соңғы рет Паттая қаласында көрген.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жағдайға қатысты пікір білдірді. Ведомствоның хабарлауынша, дипломаттар жергілікті құқық қорғау органдарымен және Таиландтың құзыретті қызметтерімен тұрақты байланыста, қажетті іздестіру шаралары жүргізілуде.

Ұқсас жазбалар

Италия жағажайында өлі акула демалушыларды үркітті

Италия жағажайында ұзындығы 4,5 метрлік өлі акула табылып, демалушыларды шошытты. Акула ешкімге қауіп төндіре алмады,…

Астана әуе бағыттарын кеңейтіп, халықаралық хабқа айналуда

Биыл Қазақстан халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейтуге басымдық беріп отыр. Астанадан Токио мен Нью-Йоркке тікелей…

Mercedes-Benz-тің 33 мыңнан астам қызметкері жаппай наразылық акциясына шықты

Германияда Mercedes-Benz автоконцернінің ондаған мың қызметкері компанияның жаңа шығындарды қысқарту бағдарламасына қарсы наразылық акцияларына шықты.