Ақжайық ауданында сот жүйесіне жаңа төрағалар тағайындалды

Ақжайық ауданында сот саласында бірқатар маңызды кадрлық өзгерістер орын алып, ауданның сот органдарына жаңа басшылар тағайындалды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық соты мәлімдеді.

Жаңа лауазым иелерін таныстыру рәсімі аудан активінің қатысуымен өтіп, жиында БҚО сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Турсын Уразова жаңа төрағаларды ресми түрде таныстырды. Ол сөзінде сот жүйесіндегі әділдік пен заңдылықты қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталып, тағайындалған басшылардың кәсіби тәжірибесі мен біліктілігіне жоғары баға лады.

 

Гүлжихан Темірболатқызы Сагитова:

Ақжайық аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалған Гүлжихан Сагитова – құқықтану саласында жоғары білім алған, сот жүйесінде көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман. Бұған дейін ол Ақжайық аудандық сотында судья болып қызмет атқарып, кәсібилігімен және заңға адалдығымен танылған.

 

Тамара Сәлімжанқызы Гумарова:

Ақжайық аудандық №2 сотының төрағасы лауазымына тағайындалған Тамара Гумарова да – заң саласының білікті өкілі. Ол жаңа қызметіне дейін Сырым аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған. Көп жылдық тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті оның жаңа лауазымын абыроймен атқаруына негіз.

Іс-шараға қатысушылар жаңа төрағаларды құттықтап, олардың жұмысына табыс тіледі. Сонымен қатар қоғам алдындағы зор жауапкершілікті сезіне отырып, әділ әрі заңға сүйенген шешімдер қабылдау қажеттілігі атап өтілді.

Жергілікті тұрғындар сот жүйесіне деген сенімнің артуы – кәсіби мамандардың сапалы қызметіне тікелей байланысты екенін айтып, жаңа төрағаларға қолдау білдірді.

Сурет: Ақжайық ауд әкімдігі

Ұқсас жазбалар

Жерде G3.33 деңгейіндегі күшті магниттік дауыл басталды

Жер бетінде G3.33 деңгейіндегі күшті магниттік дауыл басталды. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер…

Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады.

Көктемгі әскерге шақыру: 21 мың жас сапқа тұрды

Көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында Қазақстанның Қарулы күштері 21 мыңнан астам азаматпен толықты. Жастарға арналған…