Батыс Қазақстан облысында экологиялық мақсаттарға 54 млн текше метрден астам су жіберілді

Жыл басынан бері «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалы табиғатты қорғау мақсатында су жіберу және табиғи шабындықтарды суару үшін 54 млн текше метрден астам су жіберді. Атап айтқанда, Жәнібек суару-суландыру жүйесі арқылы бүгінге дейін 7,9 млн текше метр су, ал Орал-Көшім суару-суландыру жүйесі арқылы 22,25 млн текше метр су жіберілді.

Сонымен қатар филиал диқандармен суару суын жеткізуге келісімшарттар жасауды жалғастырып жатыр. Бүгінгі таңда Орал-Көшім суару-суландыру жүйесі арқылы 5 335,5 гектар жерге 20 млн текше метр су жеткізуге 178 келісімшарт, ал Шаған өзеніндегі су қоймасынан 1 879,4 гектар жерге 6 млн текше метр су жеткізуге 72 келісімшарт жасалды.

🗣️«Табиғатты қорғау мақсатында су жіберу мен табиғи шабындықтарды суару экологиялық тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік беріп, өңірдегі флора мен фаунаның жай-күйін жақсартуға көмектеседі. Санитарлық-экологиялық мақсатта берілетін су жергілікті мал шаруашылығын қажетті азықпен де қамтамасыз етеді»,

– деді БҚО-дағы «Қазсушар» РМК филиалы директорының міндетін атқарушы Рауан Хусаинов.

Ұқсас жазбалар

АҚШ-та парашютшілері бар ұшақ апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапты

АҚШ-тың Миссури штатында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, ондағы 12 адамның барлығы қаза тапты.

Бразилияда екі тікұшақ әуеде соқтығысып, алты адам қаза тапты

Бразилияда екі тікұшақ әуеде соқтығысып, алты адам қаза тапты. Қаза тапқандардың арасында музыкалық продюсер, бейнережиссер,…

15 маусымда Қазақстанның көп бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» синоптиктері 15 маусымда Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және қатты ыстық күтілетінін…