Categories Әлем

Қытайға экспорт: Үрімжіде Қазақстанның арнайы іс-шарасы өтті

Сурет: Халық газеті

Қытайдың Үрімжі қаласында «Қытайға экспорт» Қазақстан арнайы іс-шарасы және IX Қытай халықаралық импорт көрмесінің инвестициялық жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионының төрағасы Әркін Тұнияз қатысты. Қытай халықаралық импорт көрмесі бюросы директорының орынбасары Гэ Хун көрменің сегіз жыл қатарынан табысты ұйымдастырылғанын айтып, қазақстандық кәсіпорындарды өз өнімдерін таныстырып, халықаралық серіктестер табуға шақырды.

Шараға 30-дан астам қазақстандық экспорттаушы және Шыңжаң мен Қытайдың өзге өңірлерінен келген 200-ден астам сатып алушы кәсіпорын мен салалық ұйым қатысты. Кездесу барысында қазақстандық және қытайлық компаниялар іскерлік байланыс орнатып, экспорттық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…