Алматыда тәуелсіз журналист қамауға алынды

 

Алматыда тәуелсіз журналист Мейірболат Мырзатайұлы ұсталып, оған Қылмыстық кодекстің 174-бабы – «әлеуметтік алауыздық қоздыру» бойынша айып тағылды.

3 қыркүйекте қалалық Полиция департаменті алдында бір топ белсенді жиналып, журналисті босатуды талап етті. Наразыларға тергеу басқармасы басшысының орынбасары Болат Қасымбаев шығып, істің қозғалғанын растады. Оның айтуынша, Мырзатайұлына адвокат шақырып, қоңырау шалуға мүмкіндік берілген, ал қамау мерзімі – 48 сағат.

Алайда журналистің туыстары мұнымен келіспейді. Олар ұстау кезінде ешқандай қоңырауға рұқсат берілмегенін айтады. Әпкесі Айгүл Бишуинованың сөзінше, бауыры Талғардан қайтып келе жатқанда ұсталған, көлігі жол бойында ашық күйінде қалған. Жақындары оны таба алмай, таңға дейін іздегенін жеткізді. «Құзырлы органдардан нақты жауап болмаған соң, адам жоғалғаны туралы арыз жазуға мәжбүр болдым», – дейді ол.

Ұқсас жазбалар

Никаб киюге тыйым: Жамбылда 20-ға жуық заң бұзушылық анықталды

2026 жылдың 2 наурызынан бастап Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киімдерге тыйым салынды. Жамбыл…

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі: 1 430 адам қаза тапты

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен төрт күн өткенде, құтқарушылар үйінді астынан 11 жастағы баланы аман алып…

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

Алматыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан медиа саласының мамандарына баспана кілттері берілді.