Categories Қаржы

Салымшылар зейнетақы жинақтарын толықтай жеке басқаруға бере алады

Сурет: Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Ел тұрғындары енді зейнетақы жинақтарын толықтай сенімгерлік басқаруға бере алады. Тиісті заңға түзетулерді Сенат мақұлдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа норма бойынша азаматтар зейнетақы жинақтарын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арқылы Ұлттық банк басқаруында қалдыра алады немесе толық көлемде жеке инвестициялық компанияларға сенімгерлік басқаруға бере алады. Бұған дейін салымшылар жинақтарының тек 50 пайызын ғана жеке басқарушыларға өткізе алатын еді. Енді бұл шектеу алынып тасталып, әр азамат өз қаражатын басқару тәсілін өзі таңдауға мүмкіндік алды.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтың пікірінше, бұл жеке басқарушы компаниялар арасындағы бәсекелестікті арттыруға ықпал етеді.

«Түзетулерге сәйкес, салымшылар инвестициялық стратегияны өздерінің тәуекел деңгейіне қарай таңдай алады. Мәселен қаражаттың бір бөлігін жоғары табысты, бірақ тәуекелі жоғары активтерге, ал қалғанын консервативті активтерге орналастыруға болады. Бұл өз кезегінде азаматтардың зейнетақы жинақтарының тиімді басқарылуына мүмкіндік береді», деді депутат.

Жаңа норма бойынша басқарушы компаниялар азаматтардың зейнетақы жинағының бастапқы көлемін сақтауға жауапты болады. Олардың қызметіне Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тарапынан бақылау жасалады. Бүгінге сенімгерлікке беру мүмкіндігін 134 мыңнан астам салымшы пайдаланып үлгерген. БЖЗҚ мәліметінше, 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша инвестициялық портфельді басқарушылардың басқаруындағы активтердің жалпы көлемі 105,88 млрд теңгені құраған. Оның ішінде ең үлкен үлес 59,69 млрд теңгемен Halyk Finance компаниясына тиесілі.

Ұқсас жазбалар

Курчатовта қуаты 700 МВт жаңа электр стансасының құрылысы басталды

Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын жаңа конденсациялық электр стансасының құрылысы басталды. Жобаның басталуына орай…

Қазақстанда 7 шілдеден бастап барлық банкке бірыңғай QR-код жүйесі енгізіледі

Қазақстанда 7 шілдеден бастап барлық банкке бірыңғай QR-код жүйесі енгізіле бастайды. Жүйені толық іске қосу…

Қазақстанда бензин мен дизель экспортына тыйым ұзартылуы мүмкін

Энергетика министрлігі бензин, дизель отыны және бірқатар мұнай өнімдерін елден шығаруға қойылған тыйымды тағы алты…