Categories Жайық news

Зеленский мен Ердоған жаңа келісімге келді: Екі ел қауіпсіздік саласында күш біріктіреді

Украина президенті Владимир Зеленский мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстанбұлда кездесіп, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және газ жобалары бойынша жаңа қадамдар жасауға уағдаласты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты қарым-қатынасты, сондай-ақ Еуропа мен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады. Зеленскийдің айтуынша, бұл кездесу екі елдің стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдетуге бағытталған.

«Адам өмірін қорғауды күшейтіп, әлемнің барлық аймағындағы адамдардың қауіпсіздігін арттыру үшін бірлескен және үйлесімді іс-қимылдардың маңызы зор», — деп атап өтті Украина басшысы.

Владимир Зеленский екі ел қауіпсіздік саласында жаңа келісімдерге қол жеткізгенін мәлімдеді. Оның сөзінше, Украина өз тәжірибесімен, технологиясымен және сараптамалық мүмкіндіктерімен Түркияға қолдау көрсетуге дайын. «Бірлесіп жұмыс істеуге деген саяси ерік-жігер берік. Жақын күндері біздің топтар барлық мәселені егжей-тегжейлі пысықтайды», — деп толықтырды ол.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…