Categories Әлем

НАТО-ның Украинаға көмек жоспары: бес ел неге қарсы шықты?

Сурет: Aikyn.kz

НАТО-ның Украинаға жыл сайынғы көмек жоспары бес мүше мемлекеттің қарсылығына ұшырады. Бұл туралы The Telegraph басылымы жазды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

НАТО бас хатшысы Марк Рютте бұл бастама жеткілікті қолдау таппағандықтан жүзеге аспайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, альянс ішінде бірауыздан келісімге қол жеткізу мүмкін болмады.

«Біздің ұсынысымызды бес мемлекет қолдамады. Олардың нақты атын атауға болмайды, бірақ бұл шешімге әсер етті», — деді Рютте.

Қарсылық білдірген елдердің арасында Венгрия мен Словакия бар деген болжам айтылуда. Бұл елдер бұған дейін де Украинаға әскери көмек көрсетуге қарсы пікір білдірген еді.

Жоспар бойынша НАТО Украинаға жыл сайын 40 миллиард еуро көлемінде көмек бөлуді көздеген. Алайда бұл бастама қазіргі таңда тоқтап тұр.

Ұқсас жазбалар

Қытайдағы жарылыстан 7 адам қаза тауып, 17 адам жараланды

Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында болған жарылыстан 7 адам қаза тауып, 17 адам жараланды.

АҚШ-та қартаюға қарсы гендік терапия алғаш рет адамға сыналды

АҚШ-та алғаш рет қартаюға қарсы гендік терапия адамға сыналды. Life Biosciences компаниясы ER-100 терапиясын көз…

Астанада Қытай мен Орталық Азия жастарын біріктірген E-LIGHT 2026 фестивалі өтті

Астанада E-LIGHT 2026 халықаралық жастар форум-фестивалі өтті. Іс-шара Халықаралық диалог күніне орай ұйымдастырылып, Энергетикалық Жібек…