Categories Жайық news

Қарашығанақ дауы: Қазақстан мұнай алпауыттарын сотта жеңіп, миллиардтаған доллар өндіріп алмақ

Қазақстан Қарашығанақ жобасы бойынша халықаралық арбитражда Eni, Shell және басқа да ірі мұнай компанияларын жеңіп шықты. Лондон соты Қазақстанның талап-арызын ішінара қанағаттандырып, енді консорциум бюджетке миллиардтаған доллар төлеуі мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан үкіметі жоба серіктестері артық шығындар мен расталмаған шығыстарды мемлекет есебінен заңсыз өтеген деп айыптаған. Лондон соты Қазақстанның осы уәжімен келісіп, бұл сомалар өнімді бөлу туралы келісім аясында өтелуге жатпайды деген шешім шығарды.

Компаниялар талаптың бір бөлігін ескіру мерзіміне байланысты жабуға тырысқан, алайда сот бұл әрекетті қабылдамады.

Әзірге төлемнің нақты сомасы белгіленбеді. Дегенмен, алдын ала бағалау бойынша, ол екі мен төрт миллиард доллар аралығында болуы мүмкін. Бұл қаражат келісімшарттағы мұнайды бөлу формуласын түзету арқылы бюджетке қайтарылады. Консорциумның әлі де апелляцияға шағымдануға мүмкіндігі бар.

Арбитражға Eni мен Shell компанияларынан бөлек жобаның басқа да ірі акционерлері – Chevron, «Лукойл» және «ҚазМұнайГаз» қатысты. Сот процесі Лондонда Стокгольм арбитражының ережелеріне сәйкес өтті.

Бұған дейін Қазақстан Қашаған инвесторларына қарсы экологиялық заң бұзушылықтарға қатысты төрт миллиард доллардың сотында жеңіліп қалған еді.

Фото: ҚМГ

Ұқсас жазбалар

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 532 мың теңгені аудармай, 9,8…