ЖАЛПАҚТАЛ-ҚАРАСУ БАҒЫТЫНДА ЖОЛ ҚАТЫНАСЫ ҚАЛЫПТЫ

Әлеуметтік желілерде облыстық маңызы бар «Қайыңды – Ақпәтер – Жалпақтал – Жұлдыз – Қарасу» автожолының 6–170 шақырым аралығында еріген қар суының жайылуы туралы ақпарат жарияланды. Аталған жол бөлігі Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының теңгерімінде.

Қардың қарқынды еруі салдарынан жолдың төмен орналасқан тұстарында еріген судың жол үстіне жайылуы орын алды. Жағдайға жедел ден қойған тиісті мекемелер тарапынан қажетті шаралар қабылданды. Атап айтқанда, жолға қызмет көрсететін «SSS Stroy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауыр арнайы техниканың тәулік бойғы кезекшілігін ұйымдастырды. Сонымен қатар жергілікті атқарушы орган тарапынан да кезекшілік қамтамасыз етіліп, ахуал тұрақты бақылауға алынды. Қазіргі таңда автокөлік қозғалысы қалыпты режимде жүзеге асырылуда. Елді мекендерге су басу қаупі жоқ.

Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов аталған аумақта «SSS Stroy» ЖШС директоры С.Сертековпен кездесіп, дегдіген жолды қыру, кезекшілік қоюды және жол бетіне жиналған суды жыру бағытында жұмыстарды жүргізуді тапсырды.

Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар

Жерде G3.33 деңгейіндегі күшті магниттік дауыл басталды

Жер бетінде G3.33 деңгейіндегі күшті магниттік дауыл басталды. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер…

Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады.

Көктемгі әскерге шақыру: 21 мың жас сапқа тұрды

Көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында Қазақстанның Қарулы күштері 21 мыңнан астам азаматпен толықты. Жастарға арналған…