Categories Жайық news

Онкология, білім және спорт: «Қазақстан халқына» қоры 134 жаңа жобаны қаржыландырады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басшысы Ләззат Шыңғысбаеваны қабылдап, қордың қайырымдылық бастамаларын жүзеге асыру барысы туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ләззат Шыңғысбаеваның айтуынша, қордың қамқоршылық кеңесі бүгінге дейін халық өмірінің маңызды салаларын қамтитын 134 бағдарламаны бекіткен.

Денсаулық сақтау саласында онкологиялық қызметке қолдау көрсетуге және өңірлерді заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге баса назар аударылады. Ал білім беру бағытында гранттар бөлу, сондай-ақ STEM технологиялары мен жасанды интеллектіні енгізу арқылы ауылдық және шағын жинақты мектептерді дамыту көзделген.

Сонымен қатар қор инклюзивті спортты дамытуға және жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға белсенді инвестиция салып жатыр.

Мемлекет басшысы қаражатты бөлу кезінде жүйелілік пен толық ашықтықтың маңызды екенін атап өтті. Президенттің пікірінше, ұйымның қызметі елдегі өмір сүру сапасын арттыруға және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға тікелей әсер етеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.

6 шілдеде батыс өңірлерде аптап ыстық күтіледі

«Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 шілдеде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Батыс өңірлерде 35-40 градус…

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…