Categories Әлем

АҚШ-ты 60 миллион адамға қауіп төндірген дүлей дауыл жайлады

АҚШ-тың орталық штаттарын дүлей дауыл мен торнадо жайлады. Салдарынан 60 миллионнан астам адам қауіпті аймақта қалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ауа райы қызметінің мәліметінше, дауылдың жылдамдығы сағатына 130 шақырымға жеткен. Торнадо бірнеше елді мекенді шарпып, үйлердің шатырын ұшырып кеткен.

«Бұл – тарихтағы ең ірі дауылдардың бірі. Біз халықты қауіпсіз жерге көшіруге күш салып жатырмыз», – дейді АҚШ-тың Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің өкілі.

Әзірге құрбандар мен зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жоқ. Билік тұрғындарды үйден шықпауға және дауыл туралы хабарландыруларды қадағалауға шақырады.

Ұқсас жазбалар

Шымкентте «Бір белдеу – бір жол» аясында Қытай орталығы ашылды

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Бір белдеу – бір жол» аясында Қытай орталығы ашылды. Орталық…

Эбола қайта өршіді: Африкада 88 адам көз жұмды

Африкада Эбола індеті қайта өршіп, 88 адам көз жұмды. Бұл – соңғы жылдардағы ең ірі…

Эпштейн ісі: Францияда тағы 20 адам сотқа шағымданды

Францияда Джеффри Эпштейннен зардап шеккендердің саны артып, сотқа түскен арыздар 20-ға жетті.