Categories Жайық news

Елордадағы қарулы шабуыл: Арнайы жасақ сарбазына оқ атқан күдікті қолға түсті

Астанада көлікте келе жатқан арнайы жасақ қызметкеріне белгісіз біреу аңшы мылтығынан оқ атты. Полиция департаменті қаскүнемнің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Полицияның мәліметінше, оқиға елорда көшелерінің бірінде болған. Күдікті көлігімен өтіп бара жатқан жүргізушіге мылтықтан оқ атып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Зардап шеккен азаматтың өзі полиция шақырған. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні көп ұзамай анықтап, қамауға алды. Ол 21 жастағы Астана қаласының тұрғыны болып шықты.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыс қаруы – мылтық тәркіленді. Зардап шеккен азамат – құқық қорғау органының қызметкері, оқиға кезінде еңбек демалысында болған», – делінген Астана қаласының ПД таратқан хабарламада.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оққа ұшқан азамат «Сұңқар» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкері екені айтылады. Полиция департаменті тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпаратты жария етпейтінін хабарлады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ChatGPT енді жасыңызды анықтайды: 18-ге толмағандарға не көрсетілмейді?

OpenAI компаниясы ChatGPT-ге жасты анықтайтын жүйе қосты. Енді 18-ге толмағандарға қауіпті контент көрсетілмейді. Жаңа ереже…

Президент Тоқаев Трамптың бастамасын қолдап, 18 елмен бірге Бейбітшілік кеңесіне қосылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды. Рәсімге 18…

ШҚО-да ЖШС басшысы 1 млрд теңгеге заңсыз кен өндіріп, байып кеткен

Шығыс Қазақстан облысында ЖШС басшысы геологиялық барлауға рұқсаты бола тұра, 70 мың тонна кенді заңсыз…