Categories Жайық news

Батыс Қазақстанда үй өртеніп, екі адам қаза болды

Фото: Видеодан скрин

Батыс Қазақстан облысында екі адамның өліміне соқтырған өрт оқиғасы тіркелді. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 7 қаңтар күні сағат 20.11-де Бәйтерек ауданы Көшім ауылындағы тұрғын үйде болды. 

Өрт сөндірушілер жеткен мезгілде 50 шаршы метр аумақта төбе мен жеке заттардың жанып жатқаны анықталды.

— Бөлімшелер жеткенге дейін полиция қызметкерлері екі адамның денесін алып шыққан. Олардың біреуі ер, екіншісі әйел адам. Тілсіз жау сағат 21.30-да толықтай ауыздықталды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт-техникалық сараптама тағайындалды, — деп хабарлады ведомстводан.

Ұқсас жазбалар

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

Астанадағы мешітте намаз оқып жатқан ер адамның iPhone 13 ұялы телефоны ұрланды. Полиция күдіктіні ұстады.

Алматы – Қорғас тасжолында жеңіл көліктер зақымданды

Алматы – Шелек – Қорғас тасжолында жүк көліктері бетон жабындысын бүлдіріп, жеңіл көліктерге зақым келтірді.…

Қостанай облысында тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі енгізілді

Қостанай облысында биыл 5 млн гектар алқапқа тұқым себу жоспарланып, 97 пайызы орындалды. «Борис Романовский»…