Categories Жайық news

Ақтөбелік зергер клиенттерін 12 миллион теңгеге алдап кеткен

Ақтөбеде жөндеуге алған алтын бұйымдарын ломбардқа өткізіп келген зергер ұсталды. Ол кемінде 20 адамды алдап, жалпы сомасы 12 миллион теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, қалалық полицияға Орталық базар маңындағы шеберханада жұмыс істеген зергердің үстінен бірнеше тұрғын шағымданған.

Тергеу анықтағандай, ол клиенттерден алтын әшекейлерді «жөндеп беремін» немесе «жаңасын соғып беремін» деген сылтаумен алған. Алайда аманатқа тапсырылған бағалы заттарды ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны өз қажетіне жаратып отырған.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оның 20-дан астам алаяқтық дерегіне қатысы барын дәлелдеді. Шығынның жалпы көлемі 12 миллион теңгеден асады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…