Categories Жайық news

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: АЙМАҚТА АПАТТЫҚ АЖЫРАТУЛАР АЗАЙЫП КЕЛЕДІ  

ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Жақып Хайрушев өңірде жұмыс сапарымен болды. Ол облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәйдің төрағалығымен өткен энергетикалық әлеуетті дамытуға арналған кеңеске қатысты. Жиында коммуналдық кәсіпорын өкілдері, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері маңызды мәселеге қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Өңірде электр желілерінің орташа тозу деңгейі 75,43 пайызды құрайды. Кейінгі 3 жылда 13 млрд теңгеге 12 жоба жүзеге асырылып, апаттық ажыратулар саны 350 жағдайға дейін азайды. Былтыр 1 023 шақырым әуе желісі жөнделіп, 22 қосалқы станция жаңартылды. Жыл соңына дейін тозу көрсеткішін 70 пайыз деңгейге төмендету жоспарланып отыр. 2025-2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 8 ауданның 41 елді мекенінде желілер жаңартылуда.

Жиында Батыс Қазақстан өңірлік электр желісі компаниясының қаржылық жағдайы қаралып, тариф саясатындағы өзгерістер сөз болды. Жақып Хайрушев коммуналдық қызметтерді цифрландырудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ жаңғырту жұмыстары кезеңінде тарифтердің өсуіне жол бермеу қажеттігін қаперге салды. Ол отырыста көтерілген барлық мәселе бойынша өз құзыреті шегінде жұмыстанатынын жеткізді.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Астанада арзан ет сатамын деп 3 млн теңге жымқырған ер адам ұсталды

Астанада криминалдық полиция 38 жастағы ер адамды ұстады, ол базарларда арзан ет сатамын деп алдап,…

Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты

Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев бастаған батысқазақстандық делегация Қытай Халық Республикасының Ляонин провинциясына жасаған жұмыс сапары…

БҚО мен Германия арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды   

Батыс Қазақстан облысы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Қалияр Айтмұхамбетов Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас…