Алматыда жаңбыр басылмай тұр: коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті

Алматыда ауа райы күрт нашарлап, жаңбыр тоқтамай тұр. Қалалық коммуналдық қызметтер дереу жоғары дайындық режиміне ауысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, барлық коммуналдық бригадалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жолдар мен көшелерде су жиналуының алдын алу үшін арнайы техникалар мен қызметкерлер тәулік бойы кезекшілік етеді.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты коммуналдық қызметтер толық дайындықта. Біздің мамандар жауын-шашынның салдарын жою үшін үздіксіз жұмыс істеуде», — деді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала тұрғындарына сақ болуға және қажет болмаса, үйден шықпауға кеңес беріледі. Жаңбырдың алдағы бірнеше күнге дейін жалғасуы күтілуде.

Ұқсас жазбалар

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы ашылды

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы жолаушылар үшін есігін ашты.

Мемлекет басшысы Швеция Королін Ұлттық күнмен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады. Президент жолдауында Швецияның тұрақты даму,…

Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орта білім жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Оқу-ағарту…