Трамп Путинмен кездеспейтін болды

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен Будапештте өтуі тиіс кездесудің болмайтынын мәлімдеді.

«Біз президент Путинмен кездесуді тоқтаттық. Маған бұл қазір орынды емес сияқты көрінді. Кездесуден күткен нәтижеге жете алмаймыз деп ойладым. Сондықтан оны кейінге қалдырдық. Дегенмен, болашақта міндетті түрде жүздесеміз», – деді Трамп.

Оның айтуынша, Ресеймен соғысты тоқтатуға бағытталған келіссөздер баяу жүріп жатыр. Бұған дейін, 16 қазанда, екі ел басшылары телефон арқылы сөйлескен болатын. Сол кезде Трамп екі тараптың делегациялары келіссөздер жүргізетінін және кейін жеке кездесу жоспарланып отырғанын хабарлаған еді.

Алайда соңғы шешім бойынша Будапешттегі кездесу өтпейді.

Ұқсас жазбалар

Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан кетті: себебі неде?

Бұрынғы президенттікке кандидат Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шығып кетті. Ол бұл туралы Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Ердоған Қазақстанға келеді: сапарда қандай келісімдер күтіледі?

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сапар барысында екіжақты құжаттарға қол қойылып,…

Мәжілістегі «AMANAT» жетекшісі еңбек ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады

Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының жетекшісі Ерлан Қошанов еңбек ардагерін Жеңіс күнімен құттықтап, оған алғыс айтты.