Президент IT-стартаптарды мемлекеттік жүйеге енгізуді тапсырды

Мемлекет басшысы Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады. Президент IT саласындағы озық идеяларды мемлекеттік жүйеге енгізу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Марапаттау рәсімінде Президент ұшқыр ой мен терең білім сынға түсетін додалардың берері мол екенін атап өтті. Ол жеңімпаздарды құттықтап, олардың жобаларын мемлекеттік басқаруға енгізу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.

«Біздің мақсатымыз – IT саласындағы үздік шешімдерді мемлекеттік жүйеге кеңінен енгізу. Жастардың идеялары мен жобалары ел дамуына серпін беруі тиіс», — деді Президент.

Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген жас маман қатысты. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Енді олардың жобалары мемлекеттік органдарға енгізу үшін сараптамадан өтеді.

Ұқсас жазбалар

Елорда күні елімізде 448 сәби дүниеге келді

Астана күнінде Қазақстанның перзентханаларында 448 нәресте дүниеге келді. Оның 223-і ұл, 225-і қыз.

Үндістандағы көшкін мен су тасқынынан 13 адам қаза тапты

Үндістанның Махараштра штатында нөсер жаңбырдан болған көшкін мен су тасқынынан 13 адам қаза тауып, 10…

14 облыста аптап ыстық күтіледі — Қазгидромет

«Қазгидромет» болжамынша, бүгін Қазақстанның 14 облысында қатты ыстық болады.