Categories Ақорда

Премьер-министр: Бензин мен дизель тапшылығы болмайды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Премьер-министр Олжас Бектенов сыртқы қауіп-қатерлер аясындағы мұнай өнімдері нарығындағы жағдайға арналған кеңес өткізді. Үкіметтің мәліметінше, елімізде бензин, дизель отыны және авиациялық отын тапшылығы жоқ. Қазіргі уақытта жанар-жағармай қоры 1 миллион тоннадан асады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Энергетика министрлігінің дерегіне сәйкес, қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары қалыпты режимде жұмыс істеп, ішкі нарықтың сұранысын толық қамтамасыз етіп отыр. Ең алдымен жанармаймен автожанармай құю бекеттері, ауыл шаруашылығы саласы және отандық әуе тасымалдаушылары қамтамасыз етіледі.

Кеңес барысында жанармайдың шетелге заңсыз шығарылуы мәселесі де қаралды. Осыған байланысты Үкімет басшысы шекарадағы бақылауды күшейтіп, мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаудың барлық жолдарының жолын кесуді тапсырды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда ХЭО Акселерация орталығы құрылады

Қазақстанда ХЭО Акселерация орталығы құрылады. Жаслан Мәдиев ХЭО Бас хатшысымен кездесіп, келісімге қол қойды.

Елордадағы Бас мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық Бас мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілгенін хабарлады.

Алматы облысында су қоймалары мен Үлкен Алматы каналы жаңғыртылады

Алматы облысында ірі су қоймаларын жаңғырту және Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын кешенді қайта…