Categories Қаржы

Қазақстанда жұмыс орнында киберсауаттылық тестілеу енгізіледі

Сурет: istockphoto.com

Цифрлық даму министрлігі Еңбек кодексіне түзетулер әзірлеп жатыр. Өзгерістерге сәйкес, барлық мемлекеттік және жеке ұйымдар жаңа қызметкерлерге киберсауаттылық бойынша оқыту жүргізуге міндеттеледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кейіннен бұл оқыту жыл сайын қайталанып отырады. Бұл туралы Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев Петербургтегі халықаралық экономикалық форумда мәлімдеді.

Оның айтуынша, заң жобасы Парламент Мәжілісінде мақұлданған. Құжаттың 2026 жылдың күзінде күшіне енуі күтілуде.

«Егер кибершабуылдар мен алаяқтық әрекеттерді талдайтын болсақ, олардың шамамен 80 пайызы адам факторына байланысты екенін көреміз. Жүйені қанша жерден қорғағанмен, егер адамда базалық білім болмаса, хакерлер жүйеге оңай ене алады. Әрине, бұл көрсеткішті нөлге дейін төмендете алмаймыз, бірақ мұндай шаралар азаматтардың білім деңгейін арттыруға ықпал етеді», — дейді Досжан Мұсалиев.

Мемлекет мектептерде, жоғары оқу орындарында, сондай-ақ қарттар мен әлеуметтік осал топтарға арналған арнайы бағдарламаларды іске қосқан. Енді бұл бастамаға бизнес өкілдері де тартылмақ.

Шенеуніктің айтуынша, оқу курстарында азаматтарға күмәнді сілтемелерге өтпеу, фишингтік шабуылдарды ажырата білу үйретіледі. Сондай-ақ, парольдерді тұрақты жаңартып отыру және сенімді антивирустық бағдарламаларды пайдалану талап етіледі.

Ұқсас жазбалар

«Халық бухгалтері» акциясы 60 мың кәсіпкерге тегін көмек көрсетті

Қаржы министрлігі кәсіби бухгалтерлік ұйымдармен бірлесіп, 2026 жылдың 5 қаңтары мен 30 маусымы аралығында өткен…

2-5 пайыздық ипотеканы қалай алу керек?

«Отбасы банк» жылдық 2 және 5 пайыздық мөлшерлемемен берілетін жеңілдетілген тұрғын үй несиесіне өтінім қабылдауды…

Докторантураға түсуге құжат қабылдау басталды

Қазақстанда 2 шілдеден бастап докторантураға түсу емтиханына өтініш қабылдау басталды. Құжаттарды 3 тамызға дейін тапсыруға…