Тоқаев ірі инвестормен кездесті: Қазақстанда әлемдік деңгейдегі клиника салынады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ashmore Group халықаралық инвестициялық компаниясының бас директоры Марк Кумбсты қабылдады. Кездесу барысында Қазақстанда халықаралық клиника салу жобасы талқыланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Инвесторлардың жоспары бойынша, жаңа медициналық орталықты Ashmore Healthcare International компаниясы «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-мен бірлесіп салады. Ал оны басқаруға әлемге танымал медицина операторы – Mount Sinai Health System компаниясын тарту көзделген.

Мемлекет басшысы Үкіметтің бұл маңызды жобаға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Өз кезегінде Марк Кумбс Қазақстан экономикасының стратегиялық секторларында ынтымақтастық орнату үшін зор әлеует барын айтты. Сондай-ақ ол экономиканың жоғары технологиялы салаларын дамытуға бағытталған Ашық инвестициялық серіктестік бағдарламасы аясындағы ықпалдастық перспективалары туралы ойымен бөлісті.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Синоптиктер 4-6 шілдеге ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 4-6 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағында белсенді циклон мен атмосфералық…

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады.

Елордада жыл басынан бері 3 мыңнан астам адам жоғалып кеткен

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, жыл басынан бері Астанада әртүрлі жастағы азаматтардың із-түзсіз жоғалуына байланысты 3…