Categories Қаржы

1 шілдеден бастап газ бағасы 33%-ға қымбаттайды

Сурет: istockphoto.com

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көтерме газ бағасы орта есеппен 33 пайызға өседі. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министрдің айтуынша, бұл шешім жылыту маусымынан кейінгі газ инфрақұрылымын жаңарту қажеттілігіне байланысты қабылданған.

Өзгеріс тек көтерме бағаларға қатысты болып отыр. Бұл бағытта орташа өсім 33 пайызды құрайды, өңірлер бойынша нақты бөлінісі бар. Бұл саланы инвестициялық тұрғыдан тартымды етуіміз керек, деді ол.

Вице-министр газ бағасын көтеру инфляциялық және экономикалық факторлармен де байланысты екенін атап өтті. Сонымен қатар министрлік өкілі көтерме бағаның өсуі тарифтердің бірден қымбаттауына әкелмейтінін айтты.

Тұрғындар үшін қандай да бір күрт өсім күтілмейді. Бұл мәселе министрліктің бақылауында, деді Қайырхан Тұтқышбаев.

Бұған дейін Ұлттық экономика вице-премьері Серік Жұманғарин елде жылу мен су тарифтерінің өсуінен кейін газ және теміржол тасымалы бағалары да қымбаттайтынын хабарлаған еді.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда интернет-алаяқтардан зардап шеккендерге 4,8 млрд теңге қайтарылды

Қазақстанда интернет-алаяқтықпен күрес күшейтіліп, биылғы жылдың басынан бері тіркелген киберқылмыстар саны 7 пайызға төмендеді. Бұл…

Қазақстанда ипотека бойынша максималды мөлшерлеме өзгерді

Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейін есептеу тәртібі өзгерді. Енді ипотека…

Қазақстанға шетелден көлік әкелу және оны рәсімдеу тоқтатылды

Қазақстанда шетелден әкелінген жеңіл автокөліктерді кедендік рәсімдеуде қиындықтар туындады. Бұл мәселе 30 маусым күні кешкі…