Categories Қаржы

1 маусымнан бастап жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт тек онлайн рәсімделеді

Сурет: gov.kz

Қазақстанда жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт алу толығымен цифрлы форматқа көшеді. 1 маусымнан бастап бұл қызметті тек «Электрондық үкімет» порталы арқылы алуға болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандарының айтуынша, енді техникалық паспорт рәсімдеу мен кадастрлық паспорттың электронды көшірмесін алу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ. Барлық процесс онлайн жүреді.

Бұл өзгеріс халықтың уақытын үнемдеп, қағазбастылықты азайтуға бағытталған. Қызмет алушылар портал арқылы өтініш беріп, дайын құжатты электронды түрде ала алады, — деді компания өкілі.

Жаңа жүйе еліміздің барлық өңірінде, соның ішінде Батыс Қазақстан облысында да қолжетімді болады. Орал тұрғындары енді техпаспорт алу үшін кезекте тұрмайды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда бензин мен дизель экспортына тыйым ұзартылуы мүмкін

Энергетика министрлігі бензин, дизель отыны және бірқатар мұнай өнімдерін елден шығаруға қойылған тыйымды тағы алты…

Қазақстанда электромобильдер саны 55,6%-ға өсті

Қазақстанда электромобильдер саны 55,6%-ға өсіп, 24 634-ке жетті. Ең көп электромобиль Алматыда тіркелген.

Несие төлемін жеңілдететін жаңа жүйе іске қосылды

1 шілдеден бастап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Бірінші кредиттік бюро Finkelisim.kz платформасын…