Categories Жайық news

Тоқаев: «БҰҰ-ның дәурені өтті, Қауіпсіздік Кеңесін реформалау қажет»

Түркияда өткен Анталья дипломатиялық форумында сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының тиімділігі төмендеп кеткенін айтып, оны түбегейлі реформалауға шақырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Президент қазіргі әлемде тұрақсыздық күшейіп, аймақтық қақтығыстар жаһандық сипат алып бара жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, халықаралық жүйе күрделі дағдарысты бастан кешіруде, ал бұрынғы реттеу тетіктері толыққанды жұмыс істемей қалған.

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның әмбебап әрі таптырмас алаң болып қала беретінін мойындағанымен, ұйымның ықпалы мен қауқарының бұрынғыдай емес екенін жеткізді.

«Негізгі мәселе – Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысында. Онда тұрақты мүшелердің ұстанымдары аса маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдауға жиі кедергі келтіреді. Ірі халықаралық дағдарыстарға қатысты келіссөздер БҰҰ аясынан тыс – жекелеген астаналарда және балама алаңдарда өтіп жатыр. Бұл ұйымның жаһандық саясаттағы рөлінің төмендегенін көрсетеді», – деді Тоқаев.

Сонымен қатар, Президент орта деңгейлі державалардың рөлі артып келе жатқанына назар аударды. Оның пікірінше, Қазақстан мен Түркия сияқты елдер халықаралық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқара алатынын көрсетіп, жауапты саясат ұстануда.

Қазақстан Президенті бұл тақырыпты бірінші рет көтеріп отырған жоқ. Ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін реформалау қажеттігін бұған дейін Жапония мен АҚШ-қа сапары кезінде де айтқан болатын.

Фото: Ақорда

Ұқсас жазбалар

ОРАЛДА ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ХАБТЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Орал қаласында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен Еуразиялық индустриялық-логистикалық хабтың іргетасын қалау рәсімі өтті. Жобаның…

Оралда кәріз-сорғы стансасы іске қосылды

Өңірде инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі Президент тапсырмалары жүйелі орындалып келеді. Кейінгі 3 жылда су бұру…

БҚО-да найзағай ойнап, бұршақ жауады: 27 мамырға ауа райы ескертуі

27 мамырда Батыс Қазақстан облысында ауа райы күрт өзгереді: жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.