Categories Қоғам

ҰБТ жетпейді: болашақ мұғалімдерге қосымша емтихан енгізіледі

Қазақстанда педагогикалық жоғары оқу орындарына түсушілерге ҰБТ нәтижесі енді жеткіліксіз болады. Абитуриенттер университет деңгейінде ішкі іріктеуден өтуі керек, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл шешім болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын арттыру мақсатында қабылданды. Енді педмамандықтарға түсетін талапкерлер тек ҰБТ-мен шектелмей, арнайы қосымша емтихан тапсырады.

«Біз сапалы білім беру үшін мұғалімдердің біліктілігі маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан іріктеуді қатаңдатуды жөн көрдік», — деді Білім министрлігінің өкілі.

Жаңа ереже 2025 жылғы қабылдау науқанынан бастап қолданысқа енеді. Педагогикалық ЖОО-лар өздерінің ішкі емтихан бағдарламасын бекітіп жатыр.

Ұқсас жазбалар

Бокстан U19 және U23 Азия чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

Қазақстан бокс федерациясы U19 және U23 Азия чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. Жарыс 3-16 шілде…

Қазақстанда мемлекеттік органдардың басшылары мен әкімдерге арналған жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

Астана, 2026 жылғы 29 маусым.  Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші…

Әкім аппараты Қызметі Құжаттар Баспасөз орталығы Петропавл қайтадан жаздың музыкалық астанасына айналады: Халық әртісі, көрнекті опера әншісі Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

5–10 шілде аралығында Петропавл өңірдегі ең ірі музыкалық оқиғаның орталығына айналады. Қаланың басты алаңында жыл…